"Медикер Каспий" медициналық орталығы Ақтау қаласында 2015 жылдың мамыр айында құрылған, қазіргі уақытта 26 шағын аудан, №17/1 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан. Ақтау қаласындағы балалар мен ересектерге түрлі мамандықтар бойынша медициналық қызмет көрсететін көпсалалы клиника болып табылады, қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жабдықталған.
Клиника өз қызметін Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ берген 29.06.2018 жылғы №13021459 медициналық қызметпен айналысуға берілген лицензия негізінде жүзеге асырады.
"Медикер Каспий" МО келесі мамандықтар бойынша амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді:
Орталық базасында дәріхана, емшара кабинеті жұмыс істейді.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап МО бекітілген халыққа мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді.
МО- да барлығы 48-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, олардың 19-ы дәрігерлер, олар еңбекке қабілеттілікке сараптама жүргізу және диспансерлеу бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар.
Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
"Медикер Актау" Медициналық Орталығы жаңа мекен-жайға : 26 шағынаудан, №17/1 ғимарат (№14 тұрғын үйдің жанында) көшкенін хабарлаймыз.