"Медикер Жайық" ЖШС "Медикер"компаниялар тобының филиалы болып табылады.
"MEDIKER" - бұл өз клиенттеріне жоғары кәсіби медициналық қызмет пен тамаша сервис ұсынатын сенімді қазақстандық компания. Біз өз жұмысымызда құрмет, бейтараптық, адалдық, тиімділік, қамқорлық және сенім қағидаттарына сүйенеміз. Компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етеді, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерді орындайды.
"MEDIKER" - бұл ұлттық аккредиттеуден сәтті өткен Қазақстандағы жалғыз медициналық ассистанс компаниясы.
Бүгін компания адам денсаулығын басқарудың кешенді тәсілін енгізді: диагностика – емдеу — медициналық оңалту – алдын алу.
"Медикер Ассистанс" еліміздің барлық аумағында өңірлік қызметі, өзінің медициналық орталықтар желісі, білікті медициналық үйлестірушілері мен отбасылық дәрігерлері бар.
"Медикер Ассистанс" клиенттерінің арасында 200-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялар бар, оларда ширек миллионға жуық адам еңбек етеді.
Қазақстандағы ТОП 10-ға кіретін ірі сақтандыру компаниялары және мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы 400-ге жуық медициналық ұйымдар "Медикер Ассистанс" серіктестеріне айналды.