Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Не үшін БІЗДЕ жұмыс істеген дұрыс?

Работники медицинского центра

Бізде жұмыс істеп жүріп сіз нені аласыз?

  • Справедливые, прозрачные и понятные правила работы. – Әділ, айқын және түсінікті жұмыс ережелерін.
  • Вменяемых, теплых, дружелюбных и требовательных руководителей. – Есі дұрыс, ашық-жарқын және талапты басшыларды.
  • Повышенную концентрацию замечательных людей. – Керемет кісілер жиналған орын.
  • Честные и открытые взаимоотношения с коллегами. – Әріптестермен ақ ниет, ашық қарым-қатынасты.
  • Отличный опыт работы со сложными задачами. – Қиын тапсырмалармен үздік жұмыс тәжірибесін.
  • Чуткое внимание к вашим профессиональным, деловым, личным и частным нуждам. – Сіздің кәсіби, іскерлік және жеке қажеттіліктеріңізге жіті назар.
  • Возможность профессионального роста. – Кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігін.

Медикер – негізін 2000 жылдар басынан алатын компания. Көптеген қызметкерлер мында 10 жыл және одан да ұзағырақ жұмыс істеуде.

Біздің басты құндылығымыз – шешімдер шығаруға бағытталған ашық, ойшыл және сенімді жұмыскерлер. Біз өзімізбен бірге өсіп жатқан жұмыскерлеріміздің дамуы мен мансабының өсуін бағалаймыз. Біз жұмыскерлеріміздің дамуы мен білім алуына инвестиция жасаймыз, сондай-ақ олардың ГК-да мансабының өсуіне ықпал етеміз. Бірге қызықты іс-шаралар ұйымдастырамыз – медицина қызметкері күндері, спорт күндері және басқа да еліміздің мерекелері. Біз еңбек қауіпсіздігіне жіті назар аударамыз, жұмыскерлеріміздің денсаулығына қараймыз, сондай-ақ олардың жақындарын бағалаймыз.

Біз компания ішінде адамдар күнде жұмысына қуана-қуана баратындай, Компанияны мақтан тұтатындай, кәсіби ғана емес жеке дамитындай атмосфера жасауға талпынамыз. Біз дербестікті бағалаймыз, жеке бас еркіндігін, адам құқықтарын құрметтейміз және тең мүмкіндіктер береміз және кемсітушіліктің кез-келген түрін қабылдамаймыз.

Медикер мансабын бастауға немесе жалғастыруға әзір жігерлі, мақсатты және талантты адамдарға ылғи қуанышты. Біздің басты міндетіміз – адамның Компания жетістігіне қажетті мықты тұстарын табу және оның өзін-өзі танытуы мен дамуы үшін қажет жайлы жағдай жасау.

Бізде компанияның нәтижелі жұмысын құру үшін, жұмысқа кәсібін сүйетін және нәтижелерге жетуге тырмысатын адамдарды шақыру керек деген анық сенім бар.

Компанияда Медикер Корпоративтік университеті жұмыс істейді, ол оқудағы барлық дерлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Университет сыныптағы қалыпты тренингтерді де, қашықтықтан оқыту бағдарламаларын да ұсынады.

Жұмыскерлерді ынталандыру үшін менторлық (тәлімгерлік) бағдарламаға ерекше көңіл бөлінеді, ол персоналмен жұмыс істеудің мойындалған тәжірибесі болып табылады.

Персоналды іріктеу қалай жүзеге асырылады?

Медицинские работникиПерсоналды іздеу және іріктеу компаниямыздың құндылықтарына байланысты: клиентке пайдалы, қарым-қатынаста белсенді, ашық болу, бір команда болып жұмыс істеу, көзге түсуге және жеңуге деген ынта.

Егер Сіз біздің құндылықтарды Өзіңізге жақын санасаңыз, іріктеуден өткеннен соң Компаниямыздың қызметкеріне айнала аласыз.

Қызметкерлерді іріктеу және жалдаудың тиянақты үдерісі арқылы өз командамызға құндылықтары және біліктілігі біздің Компания құндылықтарымен қиысатын адамдарды табуға тырысамыз.

Жалпы жұмыскерлерді іріктеу үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:

  • Анализ CV. – CV талдауы.
  • Интервью. – Сұхбат.
  • Специальные задания и/или тесты при конкурсе на определенные должности. – Белгілі лауазымдарға конкурс кезінде арнайы тапсырмалар және/немесе тестілер.
  • Проверка фоновой информации. – Фондық ақпаратты тексеру.
  • Принятие решения. – Шешім қабылдау.

Іріктеу үдерісіне Сіздің болашақ жетекшіңіз және кадр қызметінің маманы қатысады, басшылық қызметтер үшін тікелей Басқарма төрағасының орынбасарлары және Басқарма төрағасымен сұхбат. Үміткердің базалық біліктілігіне және кәсіби дағдыларына ерекше назар аударылады. Осыны негізге алып Сізге тәжірибеңізге сай лауазымға конкурсқа қатысуға ұсыныс жасай аламыз.

Қызметкерлерімізге нені ұсынамыз?

Ұжымға сіңісуге көмектесеміз

Ұжымға кіру ақырғы сұхбат барысында басталады, онда еңбек шарттары, сондай-ақ ұжым мен ұйымға байланысты мәселелер егжей-тегжей талқыланады.

Бірінші жұмыс күні Сіз қызметіміздің қағидаларымен, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерімен таныса аласыз. Бұдан әрі кәсіби ментор – өз саласында кәсіби маман және компания құндылықтарын ұстанушы – Сіздің тікелей бастығыңыз көмек көрсететін болады. Бейімделу бағдарламасы серіктестігіңіздің нәтижесіне айналады, ол Сізге немен танысу, нені жаттау керек және түпкі мақсаты не екенін түсінуге көмектеседі.

Өзін-өзі таныту және біліктілікті арттыру мүмкіндігімен қамтамасыз етеміз

Біз білімді және қиындықтарды өздігінен шешіп жатқан қызметкерлер клиенттің керемет серіктестері деген сенімдеміз.

Біз команда және тұтас ұйым деңгейінде білімі және тәжірибесімен алмасуды бағалаймыз. Сіз сондай-ақ ментор немесе қандай да бір курстың жүргізушісі бола аласыз.

Барлық жаңа қызметкерлер ұйымның құрылысы, оның тарихы және құндылықтары жайлы білім алатын арнайы курстан өтеді.

Дәстүрлер арқылы өз жұмыскерлерімізді бағалаймыз

Жалпы алғанда еңбек жағдайлары және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау ұйым мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, ол қызметкерлер физикалық, рухани, эмоциялық денсаулығын сақтайтын жайлы атмосфера тудырады.

Еңбек жағдайлары саласында біз әрдайым тәуекелдерге талдау, ал жылына бір рет – қызметкерлердің қанағаттануына зерттеу жүргіземіз. Қызметкерлердің ұсыныстары және зерттеу нәтижелері еңбек жағдайларын жақсартуға негіз болып табылады.

Пікіріңізді қалдырыңыз
CAPTCHA