Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

БМЖ саласындағы саясат

Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясат

Медицинские услуги«Медикер» ЖШС медициналық қызметтер (бұдан әрі – Медикер) Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынатын ірі жекеменшік медициналық сервис компания болып табылады.

Медикердің негізгі міндеті ұлттық және халықаралық сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарына сәйкес жоғары кәсіби медициналық қызметтерді көрсету болып табылады.

Медикер медициналық қызметтерді көрсету сапасы, қоршаған ортаның жайлы жағдайын сақтау, табиғи ресурстарды орынды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайларын және өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін мойындайды және өзіне келесі міндеттемелерді алады:

  • медициналық қызметтерді көрсетудің барлық кезеңдерінде қолданыстағы заңнамалық және нормативтік талаптарды, сондай-ақ ұйым орындауға келіскен басқа да міндеттемелерді ұстану;
  • клиентке бағытталған технологияларды қолдану арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын үнемі көтеру жолымен тұтынушылар мен серіктестердің қанағаттануын қамтамасыз ету;
  • қалдықтарды кәдеге жарату талаптарын, шекті рұқсат етілген шығарылымдар және ластағыш заттардың төгінділері және өзге экологиялық заңнама талаптарын ұстану жолымен қоршаған ортаны қорғау және ластануын тоқтату;
  • Медикер, мердігер ұйымдар және қызмет көрсету аясындағы басқа тараптар қызметкерлерінің жарақаттануы мен аурушаңдығын алдын алуды қамтамасыз ету:
  • сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызмет көрсеткіштерін үнемі жақсарту.

Саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарына келесілер жатады:

  • үздік іскерлік тәжірибені пайдалана отырып, корпоративті басқару және менеджмент жүйесінің нәтижелі жұмыс істеуі және үздіксіз жетіліп тұруы;
  • дәлелді медицина қағидаларына негізделген және диагностикалау мен емдеудің заманауи протоколдарына жауап беретін алдыңғы қатарлы диагностикалау және емдеу әдістерін енгізу және қолда барын жетілдіру;
  • медициналық қызметтердің қолжетімділігін, қауіпсіздігін, сапасын және кешенділігін қамтамасыз ету;
  • компанияның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы саналатын қызметкерлер біліктілігін тұрақты арттыру;
  • өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде, түзету және алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру арқылы сәйкессіздік пен мәселелерді болдырмау;
  • үнемі материалдық-техникалық базаны дамыту, соның ішінде заманауи медициналық жабдыққа, ең жаңа ақпараттық технологияларға инвестиция жасау жолымен;
  • бизнестің жаңа бағыттарын дамыту мен нарық қағидаларына негізделген және активтер құнын өсіру мен оңтайлы активтер құрылымына бағыталған көрсетілетін қызметтер жиынтығын кеңейту, соның ішінде халықаралық серіктестік аясында;

Серіктестіктің басқармасы осы саясатты жүзеге асыру бойынша ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының қойылатын талаптарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесін пайдалану және нәтижелілікті үнемі арттыруды қолдану арқылы жауапкершілікті мойнына алады.

Пікіріңізді қалдырыңыз
CAPTCHA