Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Public private partnership

Қазақстандағы медициналық қызметтер нарығы 25 жылдан артық уақыт құрылуда. Мемлекеттік медицинаның дамуымен және денсаулық сақтау саласын реформалау процесімен бірге жекеше медицинаны ауқымды дамыту қажеттілігі өсуде. Қажеттілік сапа жағынан да, сан жағынан да бірдей өсуде, сондықтан, «МЕДИКЕР» мақсаты – адамдарға олардың үмітіне сәйкес келетін медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін ұсыну болып табылады.

Қазіргі уақытта жекеше медицинаны дамытудың негізгі құралдарының бірі - өзара тиімді шарттар негізінде қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған мемлекет пен бизнес арасында ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынас орнату формаларының жиыны болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмі. Денсаулық сақтау секторында мұндай әріптестік денсаулық сақтау саласын реформалаудың ұтымды құралы болып, халық денсаулығының деңгейін көтеруге, қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, медициналық қызмет көрсетудің сапасын әлемдік деңгейге дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бастамаға қатысты оңды пікірлер және серіктес болуға дайындық ауқымды жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар компанияларды танытады. Олардың қатарына «МЕДИКЕР» компаниясы кіреді – сала басшысы, қызметкерлердің саны, тарау географиясы, елдегі медициналық орталықтар мөлшері және басқа да көптеген параметрлер бойынша ең ауқымды компания. «МЕДИКЕР» 2011 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «МЕДИКЕР Атырау» көп бейінді медициналық орталығын салу және қолданысқа енгізу бойынша жобаны іске асырып үлгерді. Ашу салтанатына компания ұжымының жұмысына жоғары бағасын берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2013 жылы «МЕДИКЕР Кульсай» медициналық орталығы ашылды, жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы ҚР үдемелі индустариалды-инновациялық дамыту бойынша жобаларды іске асырғанда мемлекеттік қолдау ұсынуды қарастыратын «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға қол жеткізді.

Бүгін МЖӘ шеңберінде «Медициналық орталықты кілтімен тапсыру» жобалары іске асырылуда. Компания барлық шығынды өз мойнына алады, ғимаратты салудан бастап орталықтың 10 жыл бойы жұмыс істеуіне дейін. 2017-2018 жылдары «МЕДИКЕР» үш жобаны іске асыруды жоспарлауда:

  • Бір ауысымда 300 қабылдау болатын Ақтөбедегі емханалық кешен;

  • 250 қабылдау болатын Қостанай облысы, Рудный қаласындағы қалалық емхананы салу және қолданысқа енгізу;

  • 150 қабылдау болатын Астана қаласындағы «Отбасы саулығы орталығы», «Өндіріс» тұрғын алабы.

Компанияның МЖӘ жобаларына қатысудағы мақсаты – Қазақстандағы медицинаны әрі қарай дамыту, тұрғындарға қысқа уақыт ішінде сапалы медициналық қызметтердің көп мөлшерін беру және қызмет көрсетудің жоғары дәрежесін көрсету.

Бұл жобалар шеңберінде «МЕДИКЕР» ұсынған заманауи құрал-жабдықтары және бағдарламалық жасақтамалары бар медициналық орталықтар құрылатын болады. Халықаралық стандарттарға жауап беретін технологиялық регламентті, иелік етудің тиімді механизмін және жасалған инвестициялардың қайтарымын енгізу үшін жаңа нысандар МЖӘ келісімшартының әрекет ету мерзімі кезінде «МЕДИКЕРДІҢ» сенімді басшылығына тапсырылатын болады.

МЖӘ шеңберіндегі серіктестік халық үшін де, мемлекет үшін де пайдалы болып табылады. Өйткені, «МЕДИКЕР» компаниясымен серіктес болу – инфрақұрылымға, құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге, ақпараттық жүйелерге жеке қаржы салу болып табылады, мұндай серіктестік жөндеуге, құрал-жабдықты ұстауға және басқа мақсаттарға шығынданудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Клиникалар жақын жерлерде орналасып, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін беретін және ауруларды уақытында анықтайтын болады. Бұл МЖӘ негізгі нәтижесі – халықаралық стандарттар бойынша сапалы медициналық қызметтер көрсету, диагностика және ауруларды емдеудің деңгейін көтеру, нәтижесінде, халық денсаулығының дәрежесін жақсарту.

Пікіріңізді қалдырыңыз
CAPTCHA