Алдын алу денсаулығы: бұлдыр немесе диабетикалық - оңға қарай!
Медициналық статистика бойынша дәрігерлерге тұрақты түрде баратын адамдарымыз ұзақ өмір сүреді деп айтады. Сау адамның зейнетке шығу мүмкіндігі қандай? 50% сыртқы факторларға, қоршаған ортаның жай-күйіне және өмір сүру жағдайына байланысты, ал 50% әдеттерден және тұрақты профилактикалық тексерулерден тәуелді.
Толығырақ
Блефаропластика
Артық терілер жоғары қабақтың пластикасы үшін сөзсіз көрсетім болып табылады. Бұл бетке және көзқарасқа түксиген, тұнжыраған түр беретін жоғары қабақ аймағында қосымша әжімді тері қабаттарының болуымен байқалады.
Толығырақ
Балада дене қызуының жоғарылауы
Баланың дене қызуының жоғары болуы ата-аналарды көбінесе қапыда қалдырады. Сәби әлсіреп, денесі қызып, анасының алдына отырып, кеудесіне тығылған кезде, алғашқы жәрдем берудің барлық әдістері ойынан шығып кетеді.
Толығырақ
Желшешек
Желшешек (желшешек) – өзгеше көпіршіген бөртпемен өтетін тез жұққыш жұқпалы ауру. Адамдар көп жиналатын орындар - балабақшаға немесе мектепке баратын балалар жиі ауырады. Ауруды ұшық вирустарының бірі тудырады. Желшешек – өте жұқпалы ауру.
Толығырақ
Аденоид: ота жасалмай оңалмайды
Аденоид - мұрын-жұтқыншақ бадамшаларының негізін құрайтын лимфалық тіннің түзілуі. Бадамшалар жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерінде орналасқандықтан, оларды жай қарағанда көру мүмкін емес. Сол себепті мұрын-жұтқыншақ бадамшалары арнайы ЛОР құралдары арқылы тексеріледі.
Толығырақ
Альцгеймер ауруы
Альцгеймер ауруын көп жағдайларда кәріліктен алжу деп қате атап жатады, ол тек қарттық психоздың бір түрі. Альцгеймер ауруы егде және кәрілік жаста дамитын ақылдың кемуі салдарының бірден- бір себепшісі. Оның алғашқы белгілері 40 жастан кейін-ақ пайда болуы мүмкін, ал 70 жастан кейін аурудың жиілігі 30%-ға дейін жетеді.
Толығырақ
Ұйқысыздық
Өз өмірінде ұйқысыздықтан (инсомния) зардап шекпеген адам жоқтың қасы. Ұйқысыздық емтихан болар түні немесе маңызды бір кездесудің алдында жақсылап тынығып алу үшін ерте жатқан кезіңізде болған шығар. Оның орнына керісінше, ұзақ уақыт бойы көз ілмей, алдағы болар оқиғаны қинала елестеткен боларсыз.
Толығырақ
Стрестер
Стресс – қиын жағдайларда адамда пайда болатын психикалық жүктеме жағдайы. Кез келген стресс бейімделу механизмімен байланысты. Адам жаңа жағдайға табысты бейімделуді үйрене алады (сонда стресс жағымды әсер етеді) немесе бейімделу қиын болады, адамды әлсіретеді, өмірінің берекесі кетеді және теріс әсер етеді.
Толығырақ
Жүрек блокадалары
«Жүрек ырғағының бұзылуы» терминін айтқанда ырғақсыздықтар мен жүрек блокадаларын (жүректің тоқтаулары) түсінеді, жүректің тоқтау ұзақтығы 8-10 секундқа жетуі мүмкін. Дәлірек айтқанда жүрек блокадасы – миокардтың (жүрек бүлшықетінің) белгілі бір бөлігінің қоздыру жасау қабілетінен айырылуы.
Толығырақ
Артериялық қысымның төмендеуі
Бұл феноменнің физиологиялық түсініктемесі бар. Тамақ ішкеннен соң кейбір еркектерде артериялық қысымның төмендеуі болады, сондықтан оларды ұйқы қысады (постпрандиальді гипотония). Егер артериялық қысымның түсуі жүйелі түрде қайталанса және қолайсыздық әкелсе, онда артериялық қысымның төмендеуі туралы, ал кейбір жағдайларда гипотония ауруы туралы айтуға болады.
Толығырақ
Аритмии
Жүректің әр соғысы кезінде оның бөлімдері – алдымен жүрекшелері, сосын қорыншалары кезекпен жиырылатыны белгілі. Жиырылулар бірдей уақыт аралығында кезек-кезек жүреді. Жүрек бөлімдері жиырылу жиілігі, ырғағы және кезектілігінің бұзылуын ырғақсыздық деп атайды.
Толығырақ
А гепатиті
А гепатитін тағы Боткин ауруы деп атайды. Гепатиттің ең қолайлы түрі саналады, себебі оның ауыр зардаптары жоқ. Көбіне А гепатитімен балалар ауырады. Ауру кір қол арқылы таралады.
Толығырақ
Гастрит және гастродуоденит
Гастриттер жайлы студенттер көп біледі. Жеңіл тамақтану, емтихандардағы стресс осының табиғи нәтижесі. Көктемде және күзде асқорытумен мәселелер басталады: ұлығың келетіндей асқазан ауырады, жүрек айниды, ал қыжылдан тек шай қасық сода мен бір стақан су құтқарады.
Толығырақ
Биопсия
«Биопсияңызды гистологиялық талдауға жібердік» деген сөз көбіңізге таныс. Не мағына береді? Биопсия – дәрігер ісік, түймешік, көп уақыт жазылмайтын ойық жара секілді «күдікті» жерлерден алған тін түйіршігі. Алатын жеріне байланысты әртүрлі саймандарды пайдаланады.
Толығырақ
Жануарларға аллергия
Ең көп тараған аллергендердің бірі жануарлардікі болып табылады. Үй және ауыл шаруашылық жануарлары олардың көзі болып табылады. Жануарлардың жүні, қайызғағы, қауырсыны, сілекейі сондай ақ сідігі мен боғы аллергендік белсенділікке ие. Ит, мысық, жылқы, қой, теңіз шошқасы, қоян, аламан, егеуқұйрық пен тотықұстар аллергия ауруына себепкер болуы мүмкін.
Толығырақ
Өз үйінде аллергия
Аллергия – әртүрлі заттарға деген күшті сезімталдық, олармен байланысқанда ерекше реакциялармен көрініс табады. Бізді қоршаған кез келген нәрсе аллерген болуы мүмкін. Тіпті сіз көктемгі тозаңнан тығылып отырсаңыз да, аллергиядан қаштыңыз деп айту қиын.
Толығырақ
Аллергиялық коньюктивит
Аллергиялық коньюктивит – көздің шырышты қабығының аллергиялық қабынуы. Аллергиялық коньюктивиттер бүкіл халықтың 15%-н зақымдайды. Аллергиялық коньюктивит поллинозды безгектің көрінісі ретінде, дәріге аллергия, жануарларға аллергия, жанаспалы линзаға және т.б. секілді пайда болуы мүмкін.
Толығырақ