WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

«Медикер» ЖШС медициналық университеттер, ғылыми-зерттеу институттарында және зерттеу орталықтарында резидентурада оқитын студенттерге Компанияның гранттары бөлінгені туралы хабарлайды

Поделиться:
«Медикер» ЖШС медициналық университеттер, ғылыми-зерттеу институттарында және зерттеу орталықтарында резидентурада оқитын студенттерге Компанияның гранттары бөлінгені туралы хабарлайды

Пятница 26 Апрель 2024

Мектептер мен медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне (жетім балалар, аз қамтылған, көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан адамдарға) әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ медициналық кадрлардың тапшылығын азайту мақсатында «Медикер» компаниясы келесі мамандықтар бойынша конкурстық негізде гранттар бөледі:

  • «Оториноларингология» – 2 грант;
  • «Кардиология» – 1 грант;
  • «Кәсіптік патология» – 1 грант;
  • «Неврология» – 1 грант.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін студенттерге шәкіртақы төленеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 1 мамыр мен 10 тамыз аралығында қабылданады. Конкурс шарттары мен қажетті құжаттар тізімімен мына жерден танысуға болады. Барлық құжаттарды aimed@proaimed.kz электрондық поштасына жіберу керек. Анықтамалық ақпаратты +7 (7172) 55-80-91 (ішкі 181), +7 (701) 148-71-38, +7 (708) 497 20-11 телефондары бойынша алуға болады.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз