Среда 27 Апрель 2022
Медикер компаниясы менеджмент жүйесінің ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне қайталама сертификаттау аудитінен сәтті өтті. Сертификаттау жөніндегі халықаралық танылған органның аудиторлары үйлесімді және кәсіби ұжым, ашық және сындарлы атмосфера, жоғары басшылықтың басқару жүйесі мәселелерінде көшбасшылықты көрсетуі, бөлімшелердің негізгі басшыларының жоғары құзыреттілігі және барлық қызметкерлердің жүктелген міндеттемелерді орындауға жауапты қатынасы, ең озық әлемдік тәжірибелерге жауап беретін заманауи технологияларды пайдалану сияқты оң аспектілерді белгіледі. Аудиторлар қызметін үздіксіз жақсартудың нәтижелілігін атап өтіп, одан әрі даму мен жеңіс тіледі.