WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

Поделиться:
Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

Пятница 28 Февраль 2020

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймын:

  • дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу
  • қолды сабынмен жиі жуу
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану
  • аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру
  • жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз)

Оқшауланған адам үйдегі карантин жағдайларында:

  • жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлінуі;
  • оған басқа адамдардың келуін болдырмау;
  • оның халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау;
  • қоғамдық көлікті пайдаланбауы қажет.

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары

  1. Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;

  2. Профилактика шараларын сақтау:

    • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;

    • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;

    • қолды сабынмен жиі жуу;

    • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;

  3. Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;

  4. 1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және қол жеткізілмеген медициналық көмек туралы хабарлау.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз