WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

«Кендірлі» медициналық орталығында демалу

Поделиться:
«Кендірлі» медициналық орталығында демалу

«Кендірлі» демалыс аймағында орналасқан «Медикер» медициналық-сауықтыру орталығында бүгінгі күні 79 адам демалып, ем-дом қабылдап жатыр. Орталық терапевт-дәрігері Зәмзә Ғаббасқызының айтуынша, мұнда мұнайшылардың көбісі буын және бел ауруымен келетін көрінеді.

image002.jpg

«Жалпы адам баласы жасы ұлғайғансын жылына бір рет дәрігерге қаралып, қан қысымы, жүрек қағысы, асқазан, ұйқы безі, бауыр деген ішкі құрылысын тексертіп тұруды әдетке айналдырғаны жөн»-дейді дәрігер.

image012.jpg
image018.jpg

Осында демалып жатқан №4 МГӨБ зерттеу цехы операторы Амантұрлы Байбосынов «Маңғыстау жалпы Құдайдың нұры жауған ел ғой. Демалыс орны керемет. Буланып отыратын ағаш қауғада, тұла бойың балқып, он бес мунутта кайф болып шығасың. Ал массаж өз алдына өзгеше әлем. Бұл да дүниенің рахаты, башпайыңнан басыңа дейін құрысыңды жазып бергенде құр атқа мінгендей болып қаласың»-дейді ризашылықпен.

image011.jpg
image014.jpg

Демалушылар өздеріне көрсетілетін қызмет сапасының жоғары деңгейде екендігін айтты. Асхана тамағының анағұрлым жақсарғандығына тоқталып өтті. Дәрігер-терапевт Зәмзә Ғаббасқызына, аға мейірбике Ақбибі Жұбанқызына, шаруашылық бөлім меңгерушісі Балбибі Құттығұлқызына риясыз еңбектері үшін шексіз алғыстарын білдірді.

Жұртшылықпен байланыс департаменті


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз