WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Блефаропластика

Поделиться:
Блефаропластика

Блефаропластика (қабақ пластикасы) – жоғарғы және төменгі қабақтың артық терісін және жарықтарын жоюға бағытталған хирургиялық рәсім.

Блефаропластикаға көрсетімдер

Артық терілер жоғары қабақтың пластикасы үшін сөзсіз көрсетім болып табылады. Бұл бетке және көзқарасқа түксиген, тұнжыраған түр беретін жоғары қабақ аймағында қосымша әжімді тері қабаттарының болуымен байқалады. Көбіне пациенттің дәрігерге көрінуіне визуалды көңіл толмаушылық емес, макияж жасауда кәдімгі ыңғайсыздықтар мен көздердің қатты шаршауы себеп болып табылады – жоғары қабақтың артық терісі дұрыс қарауға кедергі жасайды, ол кешке қарай күшейеді.

Отаның мәні

Отаның мәні көздің астында күлдіреп тұрған артық теріні, бұлшықет талшықтары мен майлы жасұнықты немесе салбырап тұрған қабақтың бір бөлігін алып тастауда. Шұғыл араласу жергілікті анестезиямен (көбінесе күре тамыр ішіне салынатын наркозбен немесе транквилизаторлармен қамтамасыз етілген седациямен үйлесімде) жасалады және әдетте 30- 40 минуттан көпке созылмайды. Қабақты кесу соңында тыртықты байқалтпайтын табиғи қатпар бойымен жүргізіледі. Салбырап тұрған қабақты алу кезінде кейін теріні тігу арқылы артық тері мен жасұнық алып тасталады. Көздің астындағы күлдіреп тұрғанды алу үшін блефаропластиканың екі түрі қолданылады. Классикалық түрінде төменгі қабақтың терісін кесу мен артығын алып тастау көзделген. Трансконъюктивальды блефаропластика кезінде тіннің артығын көздің шырышты қабығы бойымен өтетін тілік арқылы алып тастайды. Бұндай тілік көзге көрінетін тыртықтың болмауына мүмкіндік береді, өйткені бұл жағдайда ол төменгі қабақтың шырышты қабығында орналасқан.

Ота жасау барысында көптеген ерекшеліктер болады, оларды жете сақтаған кезде ғана мінсіз нәтижеге қол жеткізуге болады. Блефаропластика күрделі шұғыл араласу қатарына жатады және ол стационар жағдайында ғана жүргізілуі тиіс.

Блефаропластикадан кейін қалпына келу

Нәтижесін отадан 2-3 апта өткеннен кейін отаға байланысты барлық қабыну құбылыстары өткен кезде бағалауға болады. Осылайша, емделуші отадан кейін әдетте тігістің болуымен, сондай-ақ тіннің қабыну реакциясымен байланысты қолайсыздықты сезінеді. Көз саңылауының жартылай қабысуымен байланысты ісіну, көздің қызаруы, көздің жасаурауы немесе құрғауы мазалауы мүмкін. Әдетте, барлық жағымсыз симптомдар отадан кейінгі бірнеше апта ішінде кетеді. Тігістерді отадан кейінгі 7-8 тәулікте шешеді. Тыртықтар жоғарғы қабақтағы табиғи ұсақ қатпарларында болғандықтан, әдетте байқалмайды. Трансконъюктивальды блефаропластиканы пайдаланған кезде төменгі қабақ терісінде тыртық болмайды.

Алғашқы 2-4 ай ішінде дұрыс сулы-тұзды режім сақтау қажет. Барлық дәрі-дәрмекті емдеуді тек дәрігер келісімі бойынша орындау тиіс.

Блефаропластиканың асқынуы

Көзден жас бөлінудің төмендеуімен байқалатын көздің құрғақтық белгісі мүмкін боларлық асқыну болып табылады, ол көбінесе отаға дейін жас бөлінудің жеткіліксіздігінен зардап шеккен адамдарда дамиды. Үнемі жасаурау әдетте көзжас безінің тітіркенуімен негізделген отадан кейінгі жиі кездесетін симптом болып табылады. Үнемі жасаураудың ұзақ уақыт бойы болуы көзжас безінің мүмкін боларлық зақымдануын білдіреді.

Көз алмасының артынан қан кету және қан жиналумен байланысты ретробульбарлы қанды ісік блефаропластиканың ең қауіпті асқынуы болып табылады. Бұндай қанды ісік көз тамырын қысу салдарынан көруді нашарлатуы мүмкін.

Қабақтың төмен түсуі немесе түсіп кетуі жоғарғы қабақты көтеріп тұратын бұлшықеттегі ұсақ жүйкені зақымдау салдарынан туады. Қабақты сыртқа айналдырғанда көрінетін эктропион теріні артық тілу салдарынан пайда болады. Лагофтальм – көз саңылауының жартылай қабысуы ерте отадан кейінгі кезеңдегі қалыпты құбылыс болып табылуы мүмкін, алайда оның ұзақ уақыт болуы қабақ тінін артық тілуді бідіреді.

Блефаропластикаға қарсы көрсетімдер

Блефаропластика іс жүзінде жас мөлшерін шектемейді. Дегенмен, бірқатар қарсы көрсетімдер бар: ауыр жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті, қан аурулары және т.б.

Балада дене қызуының жоғарылауы

Баланың дене қызуының жоғары болуы ата-аналарды көбінесе қапыда қалдырады. Сәби әлсіреп, денесі қызып, анасының алдына отырып, кеудесіне тығылған кезде, алғашқы жәрдем берудің барлық әдістері ойынан шығып кетеді. Анасы үйдің ішінде бейберекет сеңделіп, «білетін адамдарға» хабарласып, балалардың денсаулығы жайлы медициналық анықтамалықтарды жан ұшыра ақтарып, әбігерге түсе бастайды.

Сондықтан да, дене қызуы жоғары балаға алғашқы жәрдем беру жөніндегі жаднама әрдайым жаныңда болғаны жақсы.

  • Егер температура 38 °С жоғары болмаса, және бала оны жақсы көтерсе, онда қызуды түсіретін дәріні берудің қажеті жоқ. Өйткені дене қызуы көтерілген кезде ағза инфекциямен тиімді күреседі, сондықтан аса қажеттілік болмаса, оны түсіру керек емес. Баланың жүйке ауруымен ауыруы (невропотологта есепте тұрса) немесе температураны ауыр көтеруі ерекше жағдайдайлар болып табылады – бұл кезде қызуды түсіретін дәріні 37,5 °С бастап беру керек.

  • Егерде дене қызуы 38 °С жоғары көтерілсе – балаға дәрігер ұсынған қызуды түсіретін дәріні беру керек (Балаларға арналған Панадол, Эффералган, Нурофен). Өте кішкентай сәбилерге тығындәрі, жасы үлкен балаларға шәрбат түріндегі дәрілерді пайдаланған дұрыс. Ешбір жағдайда аспирин пайдаланбаңыз! Аспирин вирустық инфекция кезінде (12 жасқа дейінгі балаларда) қауіпті асқыну – Рей синдромын туғызуы мүмкін.

  • Дене қызуының көтерілу себебін анықтау үшін, міндетті түрде дәрігерді шақырыңыз. Дене қызуымен бірге болып жатқан белгілерді: тұмау, жөтел, құсу, іш өту, бастың, іштің ауыруы, бөртпені белгілеңіз.

  • Баланың денесі тырыса бастаса немесе қызуы 40°С жоғары болса, тез арада «Жедел жәрдем» шақырыңыз, ал ол келгенше балаға қызу түсіретін дәрі беріңіз.

  • Баланы төсекке жатқызуға тырысыңыз. Оған қызықты кітап оқып беріңіз, мультфильмдер көріңіздер, тыныш ойындар ойнаңыздар. Дегенмен, бәрінен де сәби ұйықтап, демалып, күш жинағаны дұрыс.

  • Ауырып қалған сәбиді жеңіл сіңетін тамақ берген жөн. Рационнан ет (әсіресе қуырылған), майлы, тәтті және консервіленген тағамдарды уақытша алып тастаңыз.

  • Балаға көп су ішкізіңіз – сол кезде ағзадан вирустардың өмір сүру барысында пайда болатын уыттар «шайылып кетеді». Бәрінен де ең жақсысы – лимон, таңқурай қосылған жылы шай, бал қосылған жылы сүт (егер оған аллергиясы болмаса) берген жақсы. С дәрумені бар морс, компоттар, шырындар өте пайдалы. Сондай-ақ минералды су, шөп қайнатпалары, жемістен жасалған шәй да жақсы көмектеседі.

  • Бөлмені тұрақты түрде желдетіп тұрыңыз және мүмкіндігінше ауаны ылғалдандырыңыз. Бұл мақсатта бөлмеде су құйылған 3 литрлік құтыны қойып қоюға және дымқыл сүлгіні іліп қоюға болады. Ауа температурасы 20-21 градустан аспауы тиіс.

  • Баланы «қабат-қабат» киіндіріп, шамадан тыс ораудың қажеті жоқ. Қызу қауіпті деңгейге көтерілсе, бұл шаралар ыстық өтуге алып келуі мүмкін. Артық жылу еш кедергісіз сыртқа шығуы үшін, науқастанған баланы жеңіл-желпі киіндіріңіз, жөргек немесе жеңіл көрпе жауып қойыңыз.

  • Баланы сірке сумен, спиртпен сүртудің немесе суық жылытқымен құрсатудың қажеті жоқ. Спирт тері арқылы өте жақсы сіңеді және бала ағзасының улануына алып келуі мүмкін.

  • Егер емдеуді бастағаннан кейін қызу 3-4 күннен аса уақыт түспесе, онда емдеуді түзету үшін дәрігерді қайтадан шақырту керек.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз