WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Жүрек блокадалары

Поделиться:
Жүрек блокадалары

Бұл не?

«Жүрек ырғағының бұзылуы» терминін айтқанда ырғақсыздықтар мен жүрек блокадаларын (жүректің тоқтаулары) түсінеді, жүректің тоқтау ұзақтығы 8-10 секундқа жетуі мүмкін. Дәлірек айтқанда жүрек блокадасы – миокардтың (жүрек бүлшықетінің) белгілі бір бөлігінің қоздыру жасау қабілетінен айырылуы.

Ол неден болады?

Жүректің ішінде жүрек жиырылулары жиілігін реттейтін өз «миы» бар, соның арқасында ғана оның қызметі жүреді. Ол синустық түйін. Оның белгілі ырғақпен электр импульстерін тудыру қабілеті бар, олар суға лақтырған тастан тараған толқындар секілді жүрекшелер мен қарыншалардың миокардына тарап, жиырылу туғызады. Бүкіл жүрек жұмысына ырғақ беретін синустық түйінді ырғақ жүргізуші деп атайды. Дегенмен миокардтың кез-келген жасушасы өздігінен электр импульсін тудыра алғанымен, әдетте синустық түйіннің электр белсенділігі жүректің басқа жасушаларының бәрінен басым келеді.

Егер синустық түйіннің жұмысы бұзылса, жүрек бұлшықетінің (миокард) әртүрлі бөліктерінде жаңа электр импульсінің көздері пайда болуы мүмкін, олар синустық түйінмен бәсекелеседі немесе оның белсенділігін басады. Жүрек бойынша белсендіру толқынының тарауы да бұғатталуы мүмкін. Осындай жағымсыз және қажеті шамалы құбылыстар жүрек ырғағының бұзылулары – ырғақсыздықтармен, ал ең нашарында – жүрек блокадаларымен бірге жүреді.

Жүрек блокадалары атеросклероз, стенокардия, миокардит, кардиосклероз, миокард инфаркты сондай-ақ кейбір дәрілік заттарды артық мөлшерлеу немесе дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.

Кей жағдайларда жүрек блокадалары тұқым қуалайтын бейімділіктен туындауы мүмкін. Бұндай кезде не болады? Жүрек блокадаларын жүректің қай бөліктерінде сигнал жүрмейтініне қарай болмаса блокаданың біліну дәрежесі, даму күші бойынша жіктейді. Блокаданың қаншалықты дамығанына қарай төмендегідей бөледі:

  1. І-дәрежелі блокада, яғни импульстер біршама кешігіп өтеді;

  2. ІІ дәрежелі блокада – толық емес, яғни импульстердің бір бөлігі мүлдем өтпейді;

  3. ІІІ-дәрежелі блокада – толық, яғни импульстер мүлдем өтпейді. Жүректің толық блокадасында қарыншалардың жиырылу жиілігі минутына 30 не одан да төмен түсуі мүмкін (ал ересек адамдағы қалыпты жиілік тынығу жағдайында минутына 60-80 жиырылу құрайды). Егер жиырылулар арасындағы интервал бірнеше секундқа жетсе адам естен тануы мүмкін (жүрек талмасы), адам бозарады, тырысу басталуы мүмкін - Морганьи-Адамс–Стокс ұстамасы синдромы, оның нәтижесі өлімге апаруы мүмкін.

Барлық блокадалар тұрақты (үнемі бар болады) және өтпелі (тек кейбір жағдайларда пайда болады) болуы мүмкін және өте сирек туа біткен толық көлденең блокада кездеседі.

Диагноз

Жүрек блокадалары өлімге дейін апаратын өзінің салдарымен қауіпті, сондықтан сіз егер ырғақсыздықтармен ауырсаңыз жүрегіңізді жүрек блокадасы жағдайына дейін жеткізбеңіз, кардиологқа көрініңіз және толық тексерілуден өтіңіз. Мүмкін тағы аритмолог дәрігердің кеңесі қажет болар.

Жай кардиограмма жүректің жиырылуын зерттеу сәтінде ғана бағалай алады, ал блокадалар мезгіл-мезгіл пайда болуы мүмкін. Сондықтан келетін блокадаларды анықтау үшін холтер мониторлауын және тредмилл тестіні қолданады. Кардиолог диагнозды нақтылау үшін эхокардиографияны тағайындауы мүмкін.

Емдеу

Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы пайда болғанда адамды жатқызу және «жедел жәрдем» шақыру қажет. Көптеген блокадаларды үнемі дәрілерді қолдану арқылы жеңуге болады. Бірақ блокадалар жасанды жүрек жүргізушісін ендіруге, уақытша немесе тұрақты қарынша электр ширатуын қолдануға көрсетілім болып табылады.

Жүрек ауруларын емдеу үшін қолданылатын кейбір дәрілер блокадалардың пайда болуына ықпал ететіндіктен, дәрігер жазған препараттарды пайдалану дозасы мен уақытын дәл ұстау, сондай-ақ басқа дәрігерлер тағайындаған дәрілерді кардиологпен келісу қажет.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз