WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Артериялық қысымның төмендеуі

Поделиться:
Артериялық қысымның төмендеуі

«Аш еркек жерге, тоқ еркек төсекке құлайды...» (Владимир Визоб, жазушы)

Бұл не?

Бұл феноменнің физиологиялық түсініктемесі бар. Тамақ ішкеннен соң кейбір еркектерде артериялық қысымның төмендеуі болады, сондықтан оларды ұйқы қысады (постпрандиальді гипотония).

Егер артериялық қысымның түсуі жүйелі түрде қайталанса және қолайсыздық әкелсе, онда артериялық қысымның төмендеуі туралы, ал кейбір жағдайларда гипотония ауруы туралы айтуға болады.

Артериялық қысымның түсуі (АҚТ) жіті және созылмалы болып келеді.

Жіті АҚТ (коллапс [тамырлардың токсикалық зақымдалуы], шок [тамырлардың салданып кеңеюі] әдетте бас миға оттегі баруының төмендеуімен және өмірлік маңызды органдар қызметінің төмендеуімен бірге болады (гипоксия). Жағдайдың ауырлығы артериялық қан қысымының жоғарылығымен ғана емес, оның төмендеу жылдамдығымен де анықталады.

Жіті АҚТ қанайналымның жіті жетіспеушілігінде, ауыр жіті улануда (алкоголь, есірткі, әсіресе қысқа әсер ететін дәрілер, мысалы клофелин, коринфар, капотен және т.б.), жіті инфекция және сепсисте, қан жоғалтуда, ағзаның сусыздануында пайда болуы мүмкін. Осылайша жіті АҚТ әдетте аурудың асқынуы, жедел емдеген кезде мұқият ескерілуі тиіс себеп болып табылады.

Артериялық қысымның төмендеуіне (АҚТ) бейім кісілер әдетте ұзақмерзімді жоспарда жүрек-қан тамыры ауруларына ұшырау тәуекеліне гипертониямен ауыратындар секілді бейім емес және оларға негізсіз аз көңіл бөлінеді. АҚТ критериилері мен таралуы

Әдетте егер САҚ/ДАҚ= еркекте 100/60 сын. бағ мм және одан аз және сәйкесінше әйелде 95/60 сын.бағ. мм және одан да аз құраса артериялық қысым (АҚ) төмен саналады. Жасөспірім мен жастардағы (6,7%-ға дейінгі) жоғары жиілікке назар аударады (Гриднев Р.И. и соавт., 2004). Соңғы онжылдықта екпін жасы үлкен топтарға ауысуда, себебі оларда АҚТ ишемиялық инсульттың себебі болуы мүмкін.

АҚТ себептері және классификациялау

Жалпы АҚТ-ның себебі АҚ реттуінің бұзылуы. Бұл бұзылулардың негізі әртүрлі болуы мүмкін, оларды тану үшін алдымен мұқият жиналған өмір мен ауру анамнезі, терапевт дәрігердің кешенді тексеруінен өту маңызды.

Жеңілдетілген нұсқада АҚТ классификациясы келесідегідей көрініс тапқан

Физиологиялық АҚТ

  • Норманың жеке нұсқасы (қалыпты төмен АҚТ);

  • Көп жаттыққанның АҚ-сы (спорттық АҚТ);

  • Бейімделу АҚТ-сы (теңгерілу, биік тау, тропик, қиыр солтүстік тұрғындарына тән).

Патологиялық АҚТ

  • Жіті (коллапс, шок және басқа);

  • Ортостатикалық АҚТ (дененің қалпын ауыстырғанда)

  • Нейроциркуляторлық АҚТ (тұрақсыз қайтымды үдерістермен және анық тұрақты тұрпат [гипотониялық ауру];

  • Ортостатикалық синдромы бар, ортостатикалық синдромсыз (негізгі аурудың көрінісі ретінде) созылмалы екіншілік (симптоматикалық) АҚТ.

САҚТ-ның көрінуі

Қалпын көлденең күйден тік күйге ауыстырғаннан кейін ортостатикалық (постуральді) қысымның төмендеуі – систоликалық АҚ-ның 20 сын.бағ. мм және төменірек, дистоликалық АҚ-ның 10 сын.бағ. мм және төменірек қосымша түсуі, әдетте 1-3 мин сақталуы, кез-келген негіздегі САҚТ-ның өзіндік, кейде негізгі көрінісі болуы мүмкін. Олар таңертең жиі пайда болады, мидың қанайналымының нашарлауымен – бастың айналуы, көздің қараюы, құлақтың шуылдауы, кейде естен тану (ишемиялық инсульт қауіпімен), әсіресе кәрі кісілерде құлауымен (жарақттану және сүйегін сындыру қатерімен) көрінеді.Ортостатикалық қысымның төмендеуіне ұзақ төсек режимі, бастан өткен қатты аурулар,оталар, көптеген дәрілер ықпал етеді.

Жоғарыда атап өткендерден басқа САҚТ көріністеріне шаршағыштық, ашушаңдық, таң атпай шаршау, жұмысқа қабілеттің төмендігі, бас аурулары, естен тануға бейімділік, кейде жүрек тұсындағы аурулар кіреті. Сондай-ақ суыққа, ыстыққа, қапырыққа, физикалық жүктемелерге төзімсіздік пен тоңғақтық сай.

САҚТ-ның ең жиі кездесетін себебі –нейроциркуляциялық дистония (НЦД), әсіресе жастар мен ересектерде. Сонымен бірге САҚТ кейде вегетативті жүйке жүйесінің кейбір ауруларымен үйлеседі: брадикардия (сирек тамыр соғысы), тершеңдік, асқазан секрециясының жоғарылауы (қыжылмен білінеді), асқорыту жолындағы бұзылулар, гипогликемияға бейім болу (қанда глюкозаның азаюы). НЦД кезіндегі симптоматикасы анық және емі нашар жүретін САҚТ әдетте өмірге қауіп төндірмейді, бірақ өмір сапасын айтарлықтай нашарлатады.

САҚТ себепкері ретінде соматикалық патологиясы жүрек шығарылымының төмендеуі, шеткі қан тамырлардың тым кеңеюі, айналымдағы қан көлемінің азаюымен бірге болатын ауруларды қамтиды. Бұл – созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қақпақша стенозы, ырғақсыздықтар, бүйрек, бүйрек үсті безі, қалқанша безі аурулары, анемия (қаназдық), тамырлардың түйнеліп кеңеюі; ашығу; негізі әртүрлі гипофиз жетіспеушілігі (бас мидағы без). Сондықтан гипотониямен ауыратын адам терапевтінің кешенді тексеруінен өту керек.

САҚТ-ны емдеу бұл өмір салты стилін нормалау мәселесі. Жаттығу режимінде, таза ауадағы тұрақты физикалық жүктемелер, жеткілікті үйқы мен демалыс, алкогольден бас тарту секілді жалпы шаралар уақыт өте вегетативті реттеуді жақсарта алады.

Тамақтану

Рационнан ащы, тұзды және сүрленген тағамдарды алып тастаға абзал. Көп жеуге болмайды. Күніне кемінде 4 рет, бір уақытта тамақтанған өте маңызды.

Таңертең құрамы мынадай бір шыныаяқ (100 г) қайнатпа ішуге кеңес беріледі: дәріханалық бүрметікен, райхан, қайың жапырағы, ақбас жусан гүлдері, кәдімгі аюқұлақ шөбі, жұпарлы сәлбен гүлдері және шілтер жапырақтың шөбі. Әр түрінен 50 г құрғақ шиізат алып 100 г құрғақ қала гравилатына қосады, сосын 2 ас қасық осы қосындыны 1 шай қасық аршаға қосады, үстіне 0,5 л қайнаған су құяды, әлсіз отқа қойып 5-10 минут ұстайды, сүзеді.

Гипотониямен ауыратындар өз рационына негізінен сүттен жасалған, жеміс-көкөнісі көп өсімдіктен жасалған тамақтарды, сондай-ақ құрамында толыққанды ақуыз бар (майлы емесе ет, балық, ірімшік, сүзбе, соя азығы) азық-түлікті қосқан абзал.

Түскі асқа тәтті пияз, ақжелкен мен қара шомырдың тең бөліктерінен жасалған (тамаққа дейін 30 минут бұрын үгіп алу), азғантай зәйтүн майы, жүзім не алма сіркесуы қосылған салат кеңес етіледі. Түскі асқан 100-150 г майлы емес ет (бұзау еті, құс еті, пісірілген балық) жеуге болады.

Кешкі асқа етсіз тағамдар: көкөністер, макарон, балғын жемістерден компот, 1-2 ас қасық шикі, үгітілген балдыркөк я өріктің қағы қосылған айран немесе йогурт, құрғатылған нан. Түскі және кешкі астан соң 100құрғақ шарап, сосын бір шыныаяқ табиғи кофе ішуге болады.

Астан кейін 2 сағат өткен соң қара қарақат, жаужапырақ, дәрілік түйежоңышқа, райхан, дәріхана араны, тобылғы гүлдері қосындысынан жасалған қайнатпадан 1 шыныаяқ ішеді. Әр түрінен 50 грамнан алады, сосын осы қосындының 2 ас қасығына 0,5 л қайнаған су құяды, бетін жауып 10 минут қайнатады, суытады, сүзеді.

Гипотониядан зардап шегетін оңтүстік жақтың тұрғындарына тұрақты түрде тұт жемістерін жеуге кеңес беруге болады: жазда – балғын күйде, қыста – тосап, джем, сусын және шарап түрінде. Ең пайдалысы жемісі қара тұт.

Рационға сұлы жармасынан жасалған тамақтар (ботқа, сұлы киселі, бүтін дәнінің қайнатпасы) гипотониямен ауыратындарға өте пайдалы.

Мүмкіндігінше САҚТ тұрақталуына ықпал ететін факторларды жою қажет.

Ауру адамда ортостатикалық қысымның төмендеуі бар болса оны төсектен бірден тұрмауды үйрету керек, тұру алдында 1-2 мин отыру тиіс. Постпрандиалды қысымның түсуі аз-аздан жиі тамақтанғанда бірте-бірте жойылуы мүмкін. Қысымның түсуіне ықпал ететін дәрілерге жартылай немесе толықтай тыйым салынуы тиіс.

Кейбір қызмет түрлері – көлікте, биікте, қозғалыстағы механизмдер жанында, жоғары температура, қапырық жағдайында, дірілмен, электрмагниттік сәуле тарату, сынаппен байланыста жұмыс бас айналу мен естен тануға бейім аурулар үшін әртүрлі себептермен келмейді.

Егер қолданған шаралар аясында ауру адамда САҚТ-мен байланысты клиникалық симптоматикасы сақталса дәрілік заттарды тағайындау қажет.

Сергітетін препараттар – әдетте күніне 2 рет, таңертең және түсте (кешке емес)

  • Пантокрин 1 қабылдағанда 30 тамшыдан немесе тәулігіне 1 рет 1 мл и/к

  • Сермене тұнбасы тамақ алдында 20-30 тамшыдан

  • Алтынтамыр тұнбасы 15-25 тамшы

  • Сапарал 15-30 күн бойы тәулігіне 2-3 рет 0,05 грамнан

  • Элеутерококтың сұйық сығындысы, маралтамырдың сұйық сығындысы, заманиха тұнбасы, аралия тұнбасы, бір қабылдағанда 15-30 тамшыдан.

  • Кофеин тәулігіне 2-3 рет 0,05 грамнан ішке қабылдау.

  • Секуринин 0,002 грамнан немесе 0,4% ерітіндіні 10-20 тамшыдан.

  • B1 және С дәрумендері.

  • Ваготония кезінде (брадикардияның басымдығы) итжидек препараты (беллоид, белла-таминал).

  • Анық АҚТ кезінде күнара б/і 1 мл-дан 0,5% дезоксикортикостерон ацетаты ерітіндісі (әдетте бір курс 10-12 егу). Жанама әсерлер – ісінулер, бүйрек қызметінің бұзылуы.

  • А-адреноынталандырушы заттарды қолдану (мидодрин гидрохлорид – Гутрон, Никомед). Препаратты әдетте тәулігіне 2 рет орташа 7 тамшыдан (таңертең және кешке) немесе тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тағайындайды.

Шипажайлық емдеу мен физиотерапияны міндетті түрде қолданады: оттегі немесе ақ скипидар ванналары.

Физиотерапияны да ұмытпау керек, бұл онсыз іс өнбейтін жағдайдың бірі.

Гипотониялық ауру кезінде өсімдіктерді пайдаланған оң болады, олар соншалықты ынталандырмайды, бірақ қан тамырларын қозғалтатын орталықтың тонусын және жүрек пен қан тамырларының қабырғаларындағы алмасу үдерістерін реттейді. Оларды жекелей және күрделі жинақтамалар түрінде де пайдалануға болады.

Кейбір фитожинақтардың қарапайым және нәтижелі жазбалары мыналар:

  • бақбақ тамыры – 2 бөлік, қалақай – 1 бөлік, дәрілік бөденешөп – 2 бөлік, андыз тамыры – 1 бөлік, лақса жемістері – 2 бөлік, дала қырықбуыны – 1 бөлік, тікенді шағыртікен жапырақтары – 5 бөлік, дәрілік сайсағыз – 1 бөлік, қайың жапырақтары – 2 бөлік, орман бүлдіргені шөбі – 2 бөлік.

  • орман таңқурайы жапырағы – 1 бөлік, жолжелкен жапырағы – 1 бөлік, орман бүлдіргені жемісі – 3 бөлік, зире жемісі – 1 бөлік, қыстық қырықбуын шөбі – 1 бөлік, ақ тауқалақай шөбі – 2 бөлік, итмұрын жемісі – 2 бөлік.

Бұл жинақтармен емдеу курсы 3-4 апта, арасында 7-10 күн үзілістермен.

Жалпы емдеу ұзақтығы 3-4 ай. Әдетте 2-3 аптадан соң артериялық қысымның дұрысталуы және аурулардың халінің жақсаруы болады.

Аурудың қайталауын болдырмас үшін аталған жинақтарды көктемде және күзде 1,5-2 ай бойы (қалыпты қысым кезінде де) қабылдауға кеңес етіледі.

Кембридж бойынша тамақтануды есіңізге алыңыз, фитобар емей немене, тек 20 долларға емес, одан да арзан, тіпті тегін. Әжелеріміз бен апаларымыз шөп шайларды Кембридж «пайда болғанға» дейін пайдаланған.

Қартайған шақта қан қысымы төмендегенде және жалпы әлсіздік кезінде балараның аналық сүтін пайдалануға кеңес етіледі: 1 гр балғын табиғи балара сүтін 100 гр балмен араластырады және күніне 3 рет тамақ ішкенде немесе кейін 0,5-1 шай қасық қабылдайды (тоңазытқышта сақтайды).

Гипотонияны емдегенде кеудені ыстықпен орау, А. Залманов бойынша ақ скипидар ванналары, салқын және суық ванналар, сүртіну, су құю және себезгі, денеге хош иісті массаж секілді қолжетімді процедуралар сұранысқа ие.

Владимир Бакшеев


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз