WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

А гепатиті

Поделиться:
А гепатиті

Бұл не?

А гепатитін тағы Боткин ауруы деп атайды. Гепатиттің ең қолайлы түрі саналады, себебі оның ауыр зардаптары жоқ.

Көбіне А гепатитімен балалар ауырады. Ауру кір қол арқылы таралады.

Неден болады?

Ауру адам вирусты зәрнәжісі арқылы бөледі, сосын ол су немесе тамақ арқылы басқа адамдардың ішегіне түседі. Дәрігерлер бұндай жұғу механизмін зәрнәжіс-ауыз деп атайды. Не болып жатады? Инкубациялық кезең өткеннен соң (7-ден 50 күн аралығы), бұл уақыт аралығында вирус көбейеді және ағзаға бейімделеді, ауру біліне бастайды.

Алдымен, сарғаю пайда болғанға дейін гепатит тұмауға ұқсайды және қызудың көтерілуі, бас ауру, жалпы әлсіздену, денедегі ауырумен басталады. Бірнеше күннен кейін көрініс өзгере бастайды: тәбет жоғалады, оң жақ қабырғаның астында ауыру пайда болады, құсады, зәр қараяды және нәжіс түссізденеді. Дәрігерлер бауырдың, кейде көкбауырдың үлкеюін анықтайды. Қанда гепатитке тән өзгерістер байқалады: вирусқа тән маркерлер, билирубин көбейеді, бауыр сынамалары 8-10 есе көбейеді.

Ауру 1 аптадан 1,5-2 айға дейін созылады, содан кейін қалпына келу кезеңі келеді, ол жарты жылға дейін созылуы мүмкін.

Диагноз

А гепатитінің диагнозын қоюдағы басты критерий зертхана көрсеткіштері: гепатит вирусының маркерлері және қанның биохимиялық көрсеткіштеріндегі белігілі бір өзгерістер. Сонымен қатар диагноз симптомдарды, анамнезді (А гепатиті ауруымен байланыстан кейін аурудың пайда болуы) есепке алып қойылады. Көп жағдайларда ауру аяқ астынан қайтады және қарқынды емдеуді қажет етпейді.

Ауыр күйде өткен кезде дәрі тамызғыш тағайындалады, ол вирустың бауырға улы әсерін жояды.

Ауру асқынған кезде барлық ауруларға төсек тартып жату, арнайы диета және бауырды қорғайтын арнайы дәрілік заттар (гепатопротекторлер) кеңес етіледі. Алкогольді пайдалануға рұқсат етілмейді, ол онсыз да әлсіреген бауырды тіпті әлсіретуі мүмкін.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз