WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

«Мейiрiм» МО-да «Лимфостим» физиотерапиялық зерттеулері

Поделиться:

Алғаш рет және бізде ғана!!!

«Лимфостим» физиотерапиялық зерттеулері

BTL-6000 Lymphastim – бірінші кезекте лимфа ісіктерін емдеуге және лимфа жүйесінің қанайналымын жақсартуға бағытталған, терапия жүргізуге мүмкіндік беретін ең заманауи құрылғы. Құрылғы пневматикалық қысымтерапия қағидасы бойынша жұмыс істейді. Ауа толтырылған арнайы камералармен жабдықталған аппликаторлар арқылы аяқ-қолға массаж жүргізіледі, онда негізгі блоктан (компрессордан) аппликатор-түтіктің арнайы жүйесі арқылы ауа құйылады. Әр аппликатор-түтік көптеген өзара байланысқан ауа камераларынан тұрады, оларға пациенттің диагнозына байланысты белгілі кезеңдерде алдын ала ауа толтырылады. Көпшілік мойындаған кәсіби зерттеулерге сүйенсек, мерзімді пневматикалық қысымтерапия пациенттердің лимфа жүйесіндегі ақауларын емдеудің ең нәтижелі амалы болып табылады.

Лимфа дренажы арқылы емдеудің артықшылықтары

  1. Бұл ең алдымен ісіктерді емдеуге, ауыруды жою және алдын алуға бағытталған физиотерапия жабдығы.
  2. Денеге дәрілер құйылмайды.
  3. Терапия пневматикалық қысымтерапия қағидасы бойынша жүргізіледі.
  4. Әр аппликатор көптеген өзара байланысқан ауа камераларынан тұрады, оларға пациенттің диагнозына байланысты белгілі кезеңдерде алдын ала ауа толтырылады.
  5. Қысымтерапияны қолдану адам ағзасындағы сауығу үдерістеріне оң әсер етеді.
  6. Лимфа дренажы бүгінгі таңда оңалу және қалпына келу бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Лимфа дренажымен емдеуге көрсетімдер

Медициналық мақсатта:

  • көктамыр жетіспеушілігі;
  • білектің туннельдік синдромы (отаға дейін және отадан кейін);
  • Рейно синдромы; невропатия;
  • невралгия; аяқтың ишемиялық ауруы;
  • диабеттік агиопатия; акроцианоз;
  • альгидострофиялық синдром;
  • созылмалы ісіну ауруы;
  • артроз, құяң; полиартрит;
  • май басу;
  • тері құрылымының трофтық бұзылуы;
  • онкология: абляциядан, радиотерапиядан кейін;
  • жарақаттан кейінгі емделу;
  • күйік, жарақаттардан кейінгі қайта сіңіру;
  • тыртық;
  • қажетті дамымаған МЛД-ны қалпына келтіру.

Эстетикалық мақсатта:

  • целлюлит;
  • тамырлардың түйнеліп кеңеюін алдын алу;
  • майлы ісік;
  • ауыр аяқ синдромы;
  • уыттан арылу;
  • терінің трофтық бұзылуларын жою;
  • липоксациядан кейінгі күтіну.

Алдын алу мақсатында:

  • сауықтыру – созылуды, түйінді жою;
  • теналгия – «теннис шынтағы», «ойыншының саны»;
  • қалпына келтіру – сүт қышқылы метаболизмін жақсарту.

Емдеу шарасын біліктілігі жоғары физиотерапевт дәрігерлер жүргізеді.

Телефон бойынша жазылу: 8 (7172) 797 555

Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз