2016 жылдың 25 тамызында «Медикер Плюс» медициналық орталығының ұжымы (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы) «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Компания қызметкерлерінің жинаған қаражаты жергілікті мектептің екі оқушысының оқу құралдары мен мектеп формасын алуға жұмсалды.
Көмек көрсету Жаңаөзеннің қалалық білім беру басқармасы қызметкерінің қатысуымен атқарылды.
«Жаңаөзен Плюс» ЖШС материалдары бойынша «Медикер» ЖШС PR-қызметі