WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

«Медикер» компаниясы ұжымының Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қоғамы өкілдерімен кездесуі

Поделиться:
«Медикер» компаниясы ұжымының Қазақстанның Қызыл Жарты Ай Қоғамы өкілдерімен кездесуі

2016 жылдың 8 тамызында Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы Астана қалалық комитеті-филиалының өкілдері «Медикер» ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырды, онда жиналғандарға Қоғамның тарихы, мақсаттары мен ұстанымдары, қызметкерлер мен еріктілердің гуманитарлық және қайырымдылық мақсаттардағы бүкіл әлем бойынша іс-әрекеті туралы айтылды. Олар қазақстандық филиалдың Қарағанды және Алматы облыстарында табиғи ТЖ салдарын жою мен көмек көрсету бойынша нақты мысалдар келтірді.

Кездесудің мақсаты Қазақстанның ең ірі жеке медициналық компаниясының қызметкерлерін әлемдегі ең сыйлы гуманитарлық ұйымдардың бірі - Қызыл Жарты Ай Халықаралық Қоғамы қатарына тарту болды.

«Медикер» ЖШС қызметкерлері Қызыл Жарты Ай Қоғамына мүше болу шарттарына қызығушылық танытты, бірнеше адам қосылуға ниет білдірді, және анықталып отырғандай, гуманитарлық ұйым жұмысына көмек көрсетіп жүрген біздің компанияның кейбір өкілдері Қоғам қатарында бұрыннан бар болып шықты.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз