WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы мен «Медикер» компаниясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Поделиться:
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы мен «Медикер» компаниясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды

«Медикер» компаниясы » «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің медициналық операторы және серіктесіне айналды.

Бекітілген келісім бойынша «Медикер» ЖШС инвестицияның көп бөлігін Көрме шекарасында медициналық пункт пен 6 медициналық оралықтың ашылуына және оны жабдықтауға бағыттайды.

«Біздің компания Көрменің медициналық серіктесі дәрежесін мақтан тұтады. Бұл бізге деген ұлкен сенімділікті білдіреді. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Өзіміздің тарапымыздан біз қол қойылған Меморандумның барлық бөлімдерін сапалы және уақытылы орындауға кепілдік береміз», - деп мәлімдеді «Медикер» компаниясының Басқарма Төрайымы Гүлжан Садырбаева.

ЭКСПО-2017-де халықаралық стандарттар бойынша арнайы оқытылған мамандар – дәрігерлер, координаторлар және басқа медициналық қызметкерлер жұмыс жасайтын болады. Көрменің ашылуына қарай олар көрменің халықаралық қатысушыларына медициналық кызмет көрсетуге және барлық ЭКСПО-2017 келушілеріне шұғыл, жедел және басқа да медициналық көмек көрсетуге толықтай дайын болады.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов халықаралық қатысушылар мен Көрмеге келушілерге медициналық қазметті ең жаңа технологияларды қолдана отырып, ең жоғары сапада және тиімді деңгейде көрсету керектігін ерекше атап өтті.

«Біз үшін Қазақстандағы аса ірі және танымал медициналық компанияның «Астана ЭКСПО-2017» секілді ірі шараға қатысуға дайын болуы өте маңызды. «Медикер» ЖШС-ң Қазақстан бойынша филиалдық желілері өте көп. Әрине, «Медикер» ЖШС компаниясының медициналық қызмет көрсетудегі тәжірибесі Қазақстан үшін маңызды шараларды жүзеге асыруды қолдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

«Медикер» компаниясы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбын толықтай қолдайды, сондықтан да өз жұмысын энергияны үнемдеу саясатына толық сәйкестікте, экология мен қоршаған ортаға зиянды әсерлерді азайтудың жоғары стандарттарын сақтай отырып жасайды.

Анықтамалық:

«Медикер» ЖШС медициналық қызмет көрсету нарығында 15 жылдан астам жұмыс істеп келеді. «Медикер» - өз емделушілеріне Қазақстан Республикасының барлық аудандарында жоғары мамандандырылған медициналық қызмет көрсету мен керемет қызметін ұсынатын қазақстандық ірі сенімді компания. «Медикердің» негізгі міндеті ұлттық және халықаралық сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау стандарттарына сәйкес келетін медициналық қызметтерді профессионалды түрде атқару болып табылады.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз