WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Біздің артықшылықтарымыз

Поделиться:

Больница Кең таралған филиалдар желісі, мұнай өндіру саласының алыс кен орындарында және вахталық ауылдарында жұмыс, республиканың жетекші медициналық мекемелерімен серіктестік қатынас – «Медикердің» артықшылықтарының басы ғана.

Көшбасшылық

Сапалы және қолжетімді қызмет көрсету нарығында көшбасшы орынды сақтап және күшейте отырып, біз медициналық қызмет көрсету саласының медициналық сақтандыру және жекеменшік медицина аясында көшбасшы болуға талпынамыз.

Нәтижелі менеджмент және қаржылық пайдалылық. Біз нарық жағдайларына икемді және бейімделгіш болуға және «Медикер» компаниялар тобындағы интеграциялау әсерін пайдалануға тырысамыз.

Этикалық құндылықтар

Медициналық қызметттердің сапасы, нәтижелілігі және орындылығы үшін пациент алдында жауапкершілік. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті бизнес, медицина саласындағы мемлекеттік саясаттың негізге алатын қағидаттарын мойындау.

Пациент пен қызметкерлердің құқықтарына құрмет, пациент құқықтарын қорғау және мамандардың кәсіби әлеуетін ашу үшін оңтайлы еңбек жағдайларын жасауға ұмтылысты көрсетеді.

Әділдік және ашықтық, мүдделі тараптар алдында ашық және объективті ақпаратқа ұмтылысты көрсетеді.

Өздігінен жетілу және даму, кәсібилікті жоғарылату, жұмысты әрі қарай жетілдіру үшін жаңа әдістерді үнемі іздеуге талпынысты көрсетеді.

Корпоративтілік және бірлік – бір миссия, қағидалар және мақсаттарды көздейтін «Медикер» компаниялар тобы қатысушылары арасындағы өзара тығыз байланысты көрсетеді.

Пікіріңізді қалдырыңыз